136
Даналық ойдан дән ізде
адамның ең көп міндеті анасына қатысты
» деген еді
(Кәнзүл Уммал,
44771-
хадис). Ендеше, әйел күйеуінің
алдында атқаратын міндеттеріне ұқыптылық танытқаны
жөн.
Әйел кісі:
Әрине, бұл сүйікті пайғамбарымыздың
бұйрығы. Мұндай кеңесті қашан да қаперде ұстауға
тиіспіз. Сонымен қатар шариғатта ер адамдардың да
назарға алуы тиіс ережелер бар. Мысалы, Алланың
сүйікті елшісі былай деген: «
Сендердің ең жақсыларың
мінезі көркем болғандарың және отбасына жақсы
қарағандарың
». Сонымен қоса: «
Иманды жан Аллаға
деген тақуалықты қоспағанда, жақсыжарға үйленуден
қайырлы нәрсеге қол жеткізе алмайды
» деген хадисі
де белгілі.
Ер адам:
Демек, әйел кісі де пайғамбарымыздың
сондай мақтауына лайық болуды көздегені жөн.
Әйел кісі:
Адамзаттың ең ұлығы Мұхаммед
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақсы еркек пен жаман
еркектің аражігін ажыратып, былай деп бұйырғаны
да бар екен: «
Еркектердің ең жақсысы тақуа, (жаны
мен тәні таза), қолы ашық, көзіне ие бола алатын,
ата-анасына жақсылық жасаған және отбасын та-
стап кетпеген еркектер. Ал ең жаманы – өтірікші,
қызғаншақ, қара басының қамын ойлағыш, қонағын
жақтырмайтын, әйелі мен қызметшісін ұрып-соғатын,
отбасын өзгелердің талқысына тастап кететін және
ата-анасына қиянат жасаған еркектер
»
Ер адам:
Ал жаман әйелдің сипатын Алла елшісі
(с.ғ.с.) былай деп келтіріпті: «
Бір әйел күйеуімен
түсінісе алмаса, Алланың берген рызық-несібесіне
қанағат етпесе, күйеуін оның шамасы жетпес нәрсеге
мәжбүрлесе, ондай әйелдің ешбір ізгі ісін Алла тағала