135
Ер мен әйел арасындағы диалог
Қасиетті Құран кәрім аяттары мен ардақты
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің негізінде
жаңадан отбасын құрған мұсылман ерлі-зайыптыларға
бірқатар өмірлік кеңестер ұсынуды жөн көрдік. Екі
дүниесінің бақытты, босағасының берік болуын қалаған
әрбір мұсылман отбасына бұл ережелердің берері
мол.
Ер адам
: Алла тағала қасиетті Құран кәрімде былай
дейді: «
Еркектер – әйелдердің жауапты басшылары.
Бұл Алланың оларды бір-бірінен артықша жаратуы-
нан»
(«Ниса» сүресі, 34-аят).
Әйел кісі
: Демек дінімізде келер күнді ойластыру
қабілеті басым болғандықтан отбасын басқару жағы
ер азаматтарға бұйырылған. Сондықтан олардың
жауапкершілігі де молырақ. Әйтсе де, әйелдердің
еркектерге қарағанда, сезімталдығы артық. Ал руха-
ният тұрғысынан ер мен әйелдің бір-бірінен ешбір
артықшылығы жоқ. Қайсысының иманы мен тақуалығы
басым болса, жоғары тұратыны да сол. Тағы бір аятта
Алла тағала былай дейді: «
Алла иман келтіргендерге
перғауынның әйелін мысалға көрсетті
» («Тахрим»
сүресі, 11-аят). Байқасаңыз, Алла тағала бұл аятта
Әсиядай иманды бір әйелді ерлерге де, әйелдерге де
үлгі етіп көрсеткен.
Ер адам:
Шындығында, солай. Егер ер кісі әйелден
түбегейлі артық болса, қасиетті кітапта дәл бұлай ай-
тылмаса керек-ті. Ал енді ардақты пайғамбарымыз тағы
бірде: «
Әйелдің ең көп міндеті күйеуіне қатысты. Ал ер