140
Даналық ойдан дән ізде
«Жаман қатын жігіттің
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын» – деп әйел затының жаман
қылықтарының жігітке тигізер әсерін зерделеген.
Отбасының бұзылуына көп жағдайда ерлі-
зайыптылардың бір-бірін алдап, өтірік айтып, өзара
сенімнен айырылуы да себеп. Көзіме шөп салдың деп
бір-бірінен күмәнданатын ерлі-зайыптылар, босағаны
пәк аттамайтын қыздар тұрғанда қай отауда адамдықтың
оты тұтансын. Бір-бірінен безінгендер бір тағаны кетіп
құлаған қазандай бүкіл ырысынан айрылады.
Ақиқат Ислам діні ер мен әйелді әрдайым
адалдыққа, ар-намысына кір жұқтырмауға шақырады.
Зина күнәсін жасамау былай тұрсын, зинаға апаратын
жолға жақындамауды бұйырады. Келелі келешектен
үміт еткен ибалы қыздар жеңіл жүрістен мүлде қашып,
есті қыздай етек-жеңін жинап, ардан аттамай жүруге
көңіл бөлуі тиіс.
Ақ отаудың ішінен іңгәлаған сәби даусының
шықпауы да шаңырақтың шайқалуына әкеліп жатады.
Пәк махаббаттың нәтижесіндей бала ата-ананың көз
қуанышы, отбасының беріктігі. Перзентсіз отбасын-
да уайым-қайғының бұлты сейілмейді. Келіндердің
құрсақ көтермеуіне олардың сән қуып, кіндік көрсетіп,
ашық-шашық, жеңіл киінуі, сөйтіп жатырларына суық
тигізуі айқын бір себеп. Ал негізінде перзент сүймеу
ажырасуға апаратын түрткі емес. Мұндай отбасылар Ал-
ладан перзент сұрап дұға етулерін тоқтатпағаны дұрыс.
Құранда Зәкәрия пайғамбардың қартайған шағының
өзінде: «
Уа, Раббым, сүйегім қаусап, шашым ағарды.
Саған тілек етіп жалбарынудан күдер үзген емеспін.