145
Отбасы шаттығы
Ендеше, киім-кешекті таза ұстау, әдемі иіс себіну,
үйінің іші-сыртын ретіне қарай сәндеп әрі ұқыпты
қарау арқылы мұсылман адам Алланың разылығына
қол жеткізе алады. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің
көңілін табу үшін сәнденуі де отбасы шаттығына
шырай кіргізіп, сүйіспеншілікке жетелейді. Алла
елшісінің барша мұсылмандарға:
«Киімдерің әдемі
болсын, тұратын үйлерің мен ер-тұрмандарыңды
жөнге келтіріп ұстаңдар. Жұрттың арасында бетке
шыққан сүйелдей боп жүрмеңдер»
деп діннің аясында
шынайы мұсылмандардың ішкі дүниесімен қоса сыртқы
әлемінің де сұлу болғанын қалайды.
«Жұмаққа таза
жандар кіреді»
дегеніне үлгі ретінде айтар болсақ,
пайғамбарымыз өзі де сыртқа шығарда айнаға немесе
суға қарап, үсті басын тәртіпке келтіретін.
Әйел кісілер бөтен ерлерден өз сұлулығын
қаншалықты жасырса, өз күйеуі үшін соншалықты
көп сәнденуі керек. Күйеуі көшеде жүргенде бөтен
әйелдерге көз салудан сақтанып, ал үйіне келгенде
әйел затының тартымдылығын өз жарынан көргісі
келетінін мұсылман келіншектер естерінен шығармаса
игі. Ал әйелі ажарын күтінбесе, қыл-қыбырды үстіне
іліп, үйде қалай болса солай киінсе, әбіржіген көмескі
келбетімен тұнжырап күйеуін қарсы алса, жарының
оған деген сезімі бірте-бірте суитыны айдан анық нәрсе.
Шаңырақтағы көптеген ұрыс-керістің, дау-жанжалдың
астарында осы бір еленбейтін себеп жататынын қалай
жоққа шығара аламыз.
Оң-терісін ажыратып үлгермеген бүгінгі қоғамда
керісінше бір жағдай қалыптасқан секілді. Еркек те, әйел
де «көшеге киетін» киім іздеумен әуре. Әйелдер көшеге
шығарда сәнденуі керек деген берік түсінік қалыптасқан