149
Отбасы шаттығы
ген ойға қатты беріліпті. Осының жөнін сұрамаққа бір
ғалымға келіп жүгініпті. Әлгі ғалымды сиқыршы деп
ойласа керек, келген бойда күйеуімді бүкіл әйелдерден
мені артық жақсы көретіндей етіп беріңіз деп өтінеді.
– Жарайды, – дейді ғалым әйелге, – бірақ сұрап
тұрғаның оңай шаруа емес. Мен қойған шарттарға шы-
дай алмайсың-ау.
– Жоқ, айтқаныңыздың бәрін жасаймын, – дейді
әйел.
– Онда айтқаның орындалсын десең, маған
арыстанның жон арқасынан бірнеше тал қылын өз
қолыңмен жұлып әкел.
– Бұдан жеңілдеу шартыңыз жоқ па еді? – дейді
әйел сасып.
– Жоқ, жалғыз шара осы, – деп ғалым да
қайтпайды.
Әйел әрі ойлап, бері ойлап, жарына деген махаб-
баты жеңіп шығып, қалайда бұл істі бітіру керектігіне
белін бекем буады. Сөйтіп арыстанмен айналысатын
мамандарға барып жыртқышқа жақындап бару жай-
ында ойын білдіреді. Мамандардың бірі: «Арыстанның
жыртқыштығы көбінесе аш кезде қозады. Тыңқиып
тойған шағында қаупі азаяды» деп кеңес береді.
Жанкештіленген әйел циркке барып арыстанға ет
бере бастайды. Бірте-бірте етті жақынырақ жерден
лақтырады. Бірнеше ай дегенде арыстан әйелге бау-
ыр басады. Ақыр соңында арқасын сипатып, жонынан
бірнеше қылын алуға да мүмкіндік табады.
Мақсатына жеткен әйел салып ұрып әлгі ғалымға
жетіп келеді. Жүрегі қуанышқа толып, еңбектеніп жүріп
ойлағанына жеткеніне мәз-мейрам әйел уысына қысқан
бір шоқ қылды ғалымның қолына ұстатады. Сонда