148
Даналық ойдан дән ізде
жөн. Түйткілді мәселелерді шешуде Ислам діні
қағидаларымен бөліссек:
1. Ерлі-зайыптылар керексіз жерде қызбалық пен
сезімге берілмей, ашуды ақылға жеңдіруге ұмтылғаны
абзал.
2. Әсіресе әйел кісі өз жарына ішін жегідей жеген
күдігін немесе түйткілді ойын білдіргісі келсе, соған
лайықты уақыт таңдағаны дұрыс. Күйеуі жұмыстан келе
салған бетте, Алла тынығу үшін берген түнгі уақытта
немесе үйдегі бала-шағаның көзінше мәселе көтеру
дұрыс таңдалған уақыт емес. Жұптардың бірі маза-
сы болмай, көңілі түсіп жүрген уақыт та лайық емес.
Ең дұрысы, екеуінің де көңілі көтеріңкі кезде, бала-
шағаларынан аулақ оңаша жағдайда ғана сол мәселеге
қатысты әңгімені ақырын ғана қозғаған жөн.
3. Жұмсақ мінезділік пен кешірімшіл кеңдікті
әрдайым танытуға тырысу керек.
4. Айыпты өзімізден емес, өзгеден іздеуге дай-
ын тұратынымыз рас. Отбасында да қателіктің бәрін
жарынан көрушілік аз байқалмайды. Ортақ мәселеде
ешкім құлан таза болып, екіншісі толықтай кінәні мой-
нына арта алмайды. Алладан қорқатын мұсылмандар
өз кінәсін мойындап, жағдайды түзетуге күш салғаны
дұрыс.
5. Өмірлік серігіміз екі дүниеде бірге болуға
келіскен, ниеті ортақ, мақсаты бір, тілегі егіз адам-
дар. Бір-бірінен алыстау емес, керісінше барынша
жақындықтың жарқын жолдарын қарастырса. Қайтсем,
күйеуімнің немесе зайыбымның жүрегіне, махаббаты-
на, сүйіспеншілігіне жол табам деген ізгі ойда басын
ауыртқаны сауап. Тақырыпқа бір оқиғаны тиек етсек.
Бір әйел қайтсем күйеуіме өзімді жақсы көргіземін де-