Previous Page  151 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 192 Next Page
Page Background

151

ДІН – НАСИХАТ

Аллаға деген махаббат

Мұсылманның жүрегіндегі мың сан сезімдердің

арасында бәрінен жоғары тұратыны Жаратушы иемізге

деген махаббат болуы тиіс. Ата-анаға, перзентке, туған

жерге деген өзге де сүйіспеншілік түрлері осы Аллаға де-

ген махабаттан туындап жатса, онда мұның бәрі ақыретте

жеміс беретін сауапқа айналады. Алланы жақсы көру

ең алдымен оны қаншалықты танып, қаншалықты терең

иман келтіргенімізге байланысты. Оның сипаттары мен

көркем есімдеріне бойлаған сайын Жаратушыға деген

махаббатымыз да соншалық арта түседі. Ұлы Алланың

шексіз мейірімі, аса кешірімділігі, әрбір құпия және

жария жасаған ісімізді үнемі бақылап, айыптарымызды

жасырып тұратыны, жер бетіндегі барша жаратылысқа

әр сәт сайын рызық беріп тұрған жомарттығы, теңдессіз

жаратушылығы мен құдіреттілігіне зер салған сайын

ұлылыққа деген ынтықтық қуаты күшейеді.

Әдемілікті, ұлылықты, жақсылықты сүю әр адамның

табиғатында бар қасиет. Ал нағыз ұлылық Аллаға

тән. Жер бетіндегі бүкіл жақсылық Алладан екендігін

терең түйсіну де Оған деген іңкәрлікті молайтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «

На-

маз

көзімнің нұры. Алла тағала аш адамды тамаққа,

шөлдегенді суға ынтықтырып қойғаны секілді маған

намазды сүйдіріп қойды. Алайда, су ішкен адам суға, ас