Previous Page  152 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 192 Next Page
Page Background

152

Даналық ойдан дән ізде

жеген адам асқа тояды. Ал мен намазға еш уақытта

тоймаймын

» деген. Құлдың Жаратушысына ең жақын

сәті маңдайын сәждеге тигізген кезі деген ақиқаттың

да бір сыры осында.

Алланы шынайы сүйген адам барша жаратылысқа да

мейіріммен, жанашырлықпен қарайды. Алла тағаланың

жаратқаны ғой деп оларға да кең пейілін төгеді. Жара-

тылыс жайлы терең ойланудың өзі Аллаға деген махаб-

батты күшейтеді. Осы хақында хакім Абай:

«Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңірі үшін», – деп түйген.

Қасиетті Құран кәрімде: «

Иман келтіргендердің

Аллаға деген махаббаттары әлдеқайда күшті

»

делінген аят бар («Бақара» сүресі, 165-аят). Салиқалы

құлдар Алла тағаланың хақ және бір екендігіне иман

келтіру арқылы тақуалықтың шыңдарына шыға ала-

ды. Имам Зәйнәлабидин: «Уа, Алла тағалам, саған де-

ген махаббаттың дәмін бір татқан адам басқа нәрсені

қалай сұрайды, Өзіңе жақындықты бір сезген жан се-

нен қалайша ажырасын?» деп ағынан жарыла дұға етіп:

«Уа, Раббым, саған деген махаббатты және сені шын

сүйетіндердің махаббатын нәсіп ете гөр!» деп жалбары-

нады екен. Имам Садықтың: «Адам жүрегі – Алланың

өзіне ғана тән орын, сондықтан оған Алладан өзгені

орнықтырма» дегені бар. Бір жүректе қос махаббаттың

қатар орнықпайтыны анық, мұсылман үшін Аллаға де-

ген махаббаттан артық сезім болуы мүмкін емес. Аллаға

сәт сайын ынтықтығы күшейген адамның бүкіл тіршілігі

жанданып, екі дүниенің бақытына кенеледі.

Ұлы Рахманға деген сүйіспеншіліктің жолы

мен өлшемін пайғамбарымыздың сүннетіне ерумен

байланыстырған мынадай аят түскен:

(Уа, Мұхаммед)