Previous Page  158 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 192 Next Page
Page Background

158

Аманатқа адалдық

Қазақ халқы қай кезде болса да аманат деген

ұғымды қастерлеп келген. Ауыз әдебиетінде де,

халықтың күнделікті тіршілігінде де «аманат» ұғымы

жиі кездеседі қолданылады. «Аманат, аманатқа қылма

қиянат» деген мақал, «аманат жан аман болса» деген

тіркестер ел арасында көп айтылады. Асылында аманат

Ислам дінінің құндылығы екендігін біреу білсе, біреу

білмес. Қасиетті Құран кәрімде аманат жайында: «

Алла

сендерге аманатты иесіне қайтаруларыңды, адамдар

арасында билік айтар болсаңдар әділ болуларыңды

бұйырады

.

Алланың сендерге айтқан насихаттары

қандай тамаша!

» делінген («Ниса» сүресі, 58-аят).

«Аманат», «иман», «амандық», «әмин» деген

сөздердің бәрі араб тіліндегі «әмана» - сену, илану де-

ген сөздерінен өрбіген. Демек, аманат бәрінен бұрын

сенуге, сенімді болуға, сенімді ақтай білуге байланысты

қолданылатын сөз. Ендеше, «сенімді ақтай алмадың»

деген сөз де «аманатқа қиянат жасадың» дегеннің бір

нұсқасы десек қателеспейміз. Сонымен қатар біреуге

уақытша қарай тұру немесе бүлдіріп алмай пайдалана

тұру үшін тапсырылған мүлікті де аманат деп атауға

келеді. Бұл жағынан алғанда, Жаратушы иеміздің адам-

зат баласына берген бүкіл нығметтері аманат ұғымының

шеңберіне енеді. Адамның жаны, тәні, мал-мүлкі,

білімі, ақыл-санасы, байлығы, қызметі, бала-шағасы,

ата-анасы, діні – бәрі де Алланың аманаты. Шариғат

талаптары мен орындалуға тиіс парыз амалдарды да