Previous Page  159 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 192 Next Page
Page Background

159

Дін – насихат

осы қатарға қосамыз. Бұл дүниеде мүлік иелері өздері

тапсырған адамдардан аманатын сұрайтыны секілді

Алла тағала да құлдарынан бұл игіліктердің есебін

сұрайды. Міне, осы жерден анықтама шығарар болсақ,

Алла тағала алдында есебі берілетін әрбір нәрсе ама-

нат. Ал өз үмбетін екі дүниенің бақытына шақырып

өткен ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аманатқа қиянат

жасауды екі жүзді мұнафық адамдардың белгісі деп

анық айтқан.

Тәнімізді тамақтандырып, дем алып, ал жанымыз

рухани азықсыз аш қалып қойып жатса, онымыз қиянат.

Мал-мүлкімізді оңды-солды ысырап етіп, ал жақсылық

жасауға келгенде сараңдық таныту мал-мүліктің

қиянаты. Білімді тек қара бастың қамына, атақ-абырой

жолына жұмсау білімнің қиянаты. Бала-шағамызды

дұрыс тәрбиелемесек, асыл дініміздің талаптарын

олардың жан-жүрегіне құймасақ, ол да қиянаттың

көрінісі. Жарық дүниеге келуіне себепші болған ата-

ананың көңілін перзентінің қалдыруы тіпті опасыздық.

Жасап жүрген қызметініңАлланың бір сыны екенін естен

шығарып, өз міндетін адал атқармаған адам да қиянат

жасайды. Дәрігерлер өз міндетін дұрыс атқармаса, дер

кезінде адам жанына араша түспесе, бәрінен де ауыры,

жас ұрпақты тәрбиелеумен айналысатын оқытушылар

мен мұғалімдер өз қызметтеріне адалдық танытпаса,

адами құндылыққа салғырт қараушылық.

Аманат құндылығын бүкіл адамзат баласынан

артық түсінетін ең әзіз тұлға, әрине, Алланың соңғы

елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) болды. Ол ең әуелі

Алладан түсіріліп отырған иләһи хабарларға, яғни

Құран аяттарына аманат деп қарады. Бүкіл жараты-