163
Дін – насихат
ды. Мәселен, пән мұғалімі «Алла разылығы үшін осы
пәнді оқушыларға бүге-шігесіне дейін үйретейінші» деп
ниет етіп, содан сол іске бар ынта-шынтасымен кіріссе,
оның тақтаға жазған әрбір жазуы, оқушының әрбір
дәптерін тексеруі, әр сөзі, әр ойы құлшылыққа айнала-
ды. Мұндай ықыласты дәрістерді тыңдаған оқушылар
да күні ертең ел үшін қызмет ететін қаһармандар болып
шығары анық. Ал мұндай ізгі ниет болмаса, «уақытты
тезірек өткізсем», «бір сабағымнан құтылсам», «тезірек
айлық алатын уақыт келсе» деген секілді тілектермен
жасалған істердің сауабы желге ұшатынын естен
шығармауымыз керек.
Алланың разылығы көзделмеген істе дұрыс ниет
те, мардымды ықылас та болмасы анық. Демек, бір
сауапты мың сауап етудің ең бір төте жолы – ықылас.
Тек мұғалімдер емес, құрылысшылардың қалаған
әрбір кірпіші, имамдардың әр уағызы, басшылардың
қабылдаған әрбір шешімі, отан күзетіндегі
жауынгерлердің әрбір ұйқысыз сәттері Алла разылығы
үшін жасалса, мұның да барлығы құлшылық-ғибадат
есебінде саналмақ. Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір
ісімізді бір дене деп санасақ, ықылас сол денедегі жан
іспеттес.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) хадис шәріптерінің
бірінде «
Алла сыртқы кескін-келбет, дене-пішініңізге
емес, жүректеріңізге қарайды
» деп ықыластың мәнін
түсіндірген. Сондықтан ықылас арқылы болмашы ғана
істен таудай сауап табуға болады. Онсыз атқарылған
таудай істен тарыдай да пайда жоқ. Өйткені шынайы
ықыластың түбінде Алланың разылығы жататыны
хақ.