Previous Page  167 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 192 Next Page
Page Background

167

Дін – насихат

Күнәлар адам табиғатын өзгертіп жібереді. Алланың

тап-таза парақтай пәк етіп жаратқан рухы мен жүрегі

күнәлар арқылы бұзылады, бүлінеді. Күнәны көп жа-

сау арқылы адам өзінің таза, пәк табиғатын сақтай

алмай қалады. Байқап қарасақ, шариғатымыздағы

бүкіл бұйрықтар адамның осы пәк табиғатын сақтауға

септігін тигізсе, ал бүкіл тыйылған күнәлі істер оны

бұзуға итермелейді. Күнәлі істер адамды Алла тағаладан

алыстатады. Алладан алыстаған адамның бұл дүниесі

де, арғы өмірі де оңбайды. Күнә арқылы адам бірте-

бірте күпірлікке қарай бет алады. Әрбір күнәлі іс адам

жүрегіне қара дақ түсіреді де, ақыр соңында жүрегін

толықтай қарауытып тынады. Қарайған, қатайған

жүректің Алланы раббым деп мойындауы қиындай

түседі. Сондықтан әрбір күнә «истиғфар» деген рухани

сумен жуылып, шайылып отырмаса, жүректегі бір қара

дақ өз қасына екінші бір дақты туғызып, күнәға күнә

жамала береді. Сөйтіп ақыр соңында ақыретке тастай

қатты, түнектей қара күйде баруы мүмкін.

Осы тұста мұсылмандар қандай бақытты деген ой

келеді. Алла тағала күнә жасап, қателескен пендесіне

кешірім тілеп, жарылқау сұрау деген мүмкіндікті беріп

қойған. Таудай күнә жасап қойған адамның өзі Алла-

дан шын жүректен, бар ықыласымен кешірім тілесе, ол

күнәсы жоқ болып кетеді. Тіпті күнәлары жақсылыққа

айналып та кетуі ықтимал.

Әбу Хұрайра (р.а.) мына бір жүрек сыздатар оқиғаны

жеткізген: «Бір күні жаныма бір әйел келді. Сөйтті де:

«Мен зина жасадым. Одан туған баланы өлтіріп таста-

дым. Енді мен үшін тәубе етуге мүмкіндік бар ма?»

деді. Мен күнәнің ауырлығына қарап: «Жоқ, сенің

тәубең енді қабыл болмайды» дедім. Әлгі әйел: «Әй,