168
Даналық ойдан дән ізде
сорлы басым-ай, сонда мен шынында да тозаққа күю
үшін жаралғанмын ба?» деп еңкілдеп жылап қоя берді.
Жылап-жылап үйіне қайтты. Ертесіне болған жайдың
бәрін Алла елшісіне жеткіздім. Сонда пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) қабағын шытып: «Сен не істегеніңді білемісің?
Құрандағы мына аятты оқымап па ең?» деп «Фурқан»
сүресінің мына аяттарын оқып берді: «
Олар Алладан
басқа тәңірге сыйынбайды. Алланың жаратқанын
жазықсыздан жазықсыз өлтірмейді. Зина жасамай-
ды. Кім бұл күнәларды жасаса, Алланың құзырында
жазаға тартылады. Қиямет күні оған еселеп азап
беріледі. Онда қор болып мәңгі қалады. Алайда
кімде-кім тәубе етсе, иман келтіріп, ізгі амалдар жа-
саса, Алла олардың жамандықтарын жақсылыққа
айналдырады. Алла аса жарылқаушы, өте мейірімді
»
(«Фурқан» сүресі, 68-70 аяттар)». Мен дереу әлгі әйелді
тауып алып, осы аятты оқып бердім. Әйел «Маған
тәубеге мүмкіндік берген Аллаға шүкір» деп сәждеге
бас қойды.
Міне, бұл оқиға Ислам дінінде Алладан кешірім
тілеп, тәубеге келудің қаншалықты маңызды екенін
білдіреді. Күнәлі істерден аулақ жаратылған ардақты
пайғамбарымыздың өзі бір күнде жетпіс-жүз рет Алла-
дан кешірім тілейтінін хадистерінен білеміз.
Сондай-ақ Айша анамыздан жеткен бір хадисте
Алла елшісі былай дейді:
«Амал дәптерінде Алладан
кешірім тілегені жазылған құлдар қандай бақытты!».
Ендеше, бүгінгідей күнәсі көп, тәубесі аз баршамыз Ал-
ладан бір емес мың рет кешірім тілеуге мәжбүрміз.
Алайда кешірімнің қабыл болуы бірқатар себептер-
ге байланысты екендігін естен шығармауымыз керек.
Біріншіден, күнәлар адамдардың емес, Алланың на-