Previous Page  171 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 192 Next Page
Page Background

171

Дін – насихат

Ырылдасып әркіммен,

Не қапқыздым, не қаптым.

Абай атамыздың өзі «Бойдағы мінді санасам, тау

тасынан кем емес» деп, өзінің мысалы арқылы барша

адамның кемшіліктері мен мінінің сансыз көп екенін

білдірген. Ал жақсылықтарымыз ше? Алланың ал-

дына барғанда, сол күнәларымызға өтем болатындай

жақсылық жасап үлгердік пе? Әрине, жоқ. Өйткені

жамандық жасау оңай, ал жақсылық – қиын. Ендеше,

Алланың рақымынан үміт етуден басқа амал жоқ.

Үміт сенімнен, иманнан туындайды. Иманды жан

әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Ал үмітсіздік

адамды күйзеліске ұрындырып, келешегін тұмшалап,

бұл дүниеде өмір сүруге деген құлшынысын құрықтап

тастайды

3

.

Негізінде, жеке адам да, қоғам да үміттің арқасында

алға басып, дамиды. Үмітсіз тек шайтан ғана. Сондықтан

адам баласы қаншалықты күнәһар болса да, ешқашан

Алладан үміт үзбеуге тиіс. Өйткені, Алла тағаланың

өзі мына бір аятта: «

Былай де: «Ей, шектен тыс күнә

жасап, өздеріне зиян келтірген құлдарым! Алланың

рақымынан үміттеріңді үзбеңдер. Алла күнәлардың

барлығын кешіреді. Күмәнсіз, Ол тым жарылқаушы

әрі өте мейірімді

» деп үмітсіздікке бой алдыруға тыйым

салуда («Зумәр» сүресі, 53-аят). Өмірінде орны толмас

қателік жасап, өкініштен өзегі өртенген жандарға осы

бір аят үлкен үміт сыйлап, бақытқа жетелейді.

Ал үмітсіздікке салыну – Алланың аса рақымды,

өте мейірімді, тым кешірімді сияқты сипаттарын жоққа

шығару деген сөз. «Хижр» сүресінің 56-аятында Аллаһ

3

Әділбаев А. Кемелдік кілті. Астана, 2011.- 128 б.