Previous Page  177 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 192 Next Page
Page Background

177

Дін – насихат

болу, ешкімді мазақ қылмау, тәлкек етпеу жатады.

Әйгілі Имам Ғазалидың ұят жайлы мынадай пікірі бар:

«

Көп сөйлеген адам көп қателік жібереді. Қателікті

көп істейтін адамның - ұяты азаяды. Ұяты азайған

адам күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның

жүрегі өледі

».

Адамның өзінен-өзі ұялуы.

Адамның өзінен ұялуы

өз ар-ұятын сақтауы арқылы жүзеге асады. Адамның

өзгеден ұялуына қарағанда, өзінен ұялуы көбірек бо-

луы керек. Ендеше, жұрттың көзінше жасауға ұялатын

нәрселерді жеке қалғанда жасаудан да ұялуымыз

қажет.

Бұл хадистен мынадай қорытынды жасауымызға

болады. Ең алдымен, ақиқат мәндегі ұят қайсы деген

сұрағына пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі жауап берген.

Нағыз ұятты бас пен бастағыларды, іш пен іштегілерді

сақтау, өлім мен бәлені көбірек еске алу және дүние

қызығына қатты құмартпау

деп түсіндірді.

Басты сақтау дегенде, ең алдымен Жаратушы

иемізден басқаға сәжде жасамау еске түсуі қажет.

Бастағыларды сақтау маңызды болса, басымызда екі

көз, екі құлақ және тіл бар. Бастағы мүшелерімізбен

дінге қайшы іс жасамау да бастағыларды сақтауға

жатады. Ішіміз бен іштегілер дегенде ең әуелі харам

нәрсе жеуден сақтану, екіншіден, ішімізге байланысты

денелерді, яғни екі аяқ пен олардың арасындағыны, екі

қолды күнәлі істерден қорғауымыз қажет. Үшіншіден,

бойымызда адам үшін ең маңызды бір жапырақ ет бар.

Ол – жүрек. Соны адамшылыққа жат бөтен сенімдер

мен түсініктерден таза ұстау нағыз ұяттың қажеттілігі.

Ал өлім мен бәлені қаншалықты көп еске аламыз?