176
Даналық ойдан дән ізде
тарын бетіне басуға ұялдым» дейді. Жәбірейіл періште
осы хабарды жеткізгенде, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
қос жанары жасқа толып, былай дейді: «Алла тағала
үмбетімнің ақ сақалдыларын азаптаудан ұялғанмен,
бірақ ақ сақалдылар күнә жасаудан ұялмайды
».
Ұлы Алла тағаланың бұл мінезінен тәлім алған
пайғамбарымыздың өзі жер бетіндегі адамдар ішінде ең
кәміл ұяттың иесі еді. Ол оң босағада отырған қыздың
ұялшақтығынан да артық ұялатын. Сахабалар өздерінің
ұнамсыз іс жасап қойғаның Расулаллаһтың өң-әлпетінен
бірден сезетін.
Сахабалары да ұялудың жарқын үлгісін көрсеткен.
Үшінші халифа Осман ибн Аффанның (р.а.) ұяты тіпті
ерекше болған. Хазірет Османнан (р.а.) періштелердің
өзі ұялатын болған.
Ғалымдар ұялу сезімін үш топқа бөледі: 1) Алла-
дан ұялу; 2) Адамдардан ұялу; 3) Өзінен ұялу. Кімнің
бойында осы аталған үш түрлі ұят бірігетін болса, онда
бар жақсылыққа кенелгені.
Алладан ұялу.
Алладан ұялуды пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) хадистерінің бірінде айқын түсіндіріп бер-
ген. Бір күні сахабаларына «
Алла тағаладан шынайы
түрде ұялыңдар
» деді. Сонда олар: «Расулалла, шүкір
біз Алладан ұяламыз» деді. Алла елшісі: Жоқ, (Сендер
білетін ұятты айтпаймын),
кімде-кім Алладан шынайы
ұяламын десе, басын және басындағыларды, ішін және
ішіндегілерді сақтасын. Өлім мен басына түсер бәлені
еске алсын. Ақыретті қалаған кісі дүние қызығына
қатты құмартпайды. Кім осылай жасаса, Алладан
шынайы ұялғаны
».
Адамдардан ұялу
. Бұған ешкімге зиян тигізбеу,
ащы тілмен түйремеу, кекетіп-келемеждеуден аулақ