175
Дін – насихат
сыз қылықтарымызды үнемі іштей сезіну әрі өз
жағдайымызды тағы бір рет тексеруден өткізу»,– деп
айшықтаған ғұламалар да бар
4
. Мына бір анықтама
да ұялудың сырларын аша түседі: «Ұялу – адамның
Алла тағаланың жария және жасырын жасалған әр істі
білетіндігін сезініп, өз өмірін соған қарай реттеуі, Жа-
ратушымен арадағы қарым-қатынасты басшылыққа
алып өмір сүруі». Тіпті Омар ибн Бахр сынды ғалымдар
ұятты киімге теңеген: «Кімде-кім ұятты киім етіп кисе,
онда оның айып, кемшіліктерін өзгелер көрмейді». Ал
Абай атамыз он алтыншы қара сөзінде: «Шын ұят сон-
дай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абұйырлы
бойға теріс бір іс себепті болады» деп ұяттың шығу
төркінін білдірген. Сондай-ақ «Ұят деген адамның өз
бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа
салып, сөгіс қылған қысымның аты» деп сипаттаған.
Ұят – Алладан берілген иләһи мінез әрі Алланың
сыры. Адамдар ұят туралы ақиқатты жақсы білгенде,
бәлкім, оған бүгінгіден де ұқыптырақ қарар еді.
Осы ретте Аллаһ тағаланың ұлы ұяты туралы
пайғамбарымыздың мына бір хадисін айта кету орын-
ды: «
Жаппар Иеміз махшарда бір қартты есепке тар-
тып жатып: «Мына күнәларды неге жасадың?» деп
сұрайды. Қарт қарсылық білдіріп, күнә жасамағанын
айтады. Сол кезде Алла тағала періштелерге: «Ендеше,
оны жәннатқа апарыңдар» деп бұйрық береді. Сонда
періштелер: «Уа, Алла тағала, бұл кісінің мынадай-
мынадай күнәлар жасағаны Өзіңе аян ғой» дейді. Алла
тағала оларға: «Иә, солай, бірақ Мұхаммедтің үмбеті
болып жүріп, ағарған сақал-шашына қарап, оның айып-
4
Әл-Қушайри, әр-Рисаләту-л Қушайрия. 342 б.