Previous Page  174 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 192 Next Page
Page Background

174

Ұят – иманнан

Ұят – адам баласындағы тамаша көркем мінездердің

бірегейі. Ол күнә мен қылмыс жасаудан, опасыздық

пен нашар қылықтардан, қысқасы, аяқты шалыс ба-

судан сақтайды. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)

«

Ұялшақтықтың берері тек игілік

» деген хадисінің

мәнін осыдан іздеген дұрыс. Ал ұяттың кемуі Құдайдан

қорқуды да азайтады.

Ислам діні ұялу сезіміне ерекше мән береді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «

Барлық нәрсенің

мінезі болады. Ал Ислам дінінің мінезі – ұят

»

деген

хадисі ұяттың дініміздегі орны қаншалықты жоғары

екендігін көрсетеді. Тағы бір хадисте «

Ұят пен иман

тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге

кетеді

»

деп ұяттан ажыраған кісі иманнан да қол

үзетінін білдірген.

Аталы сөздерде «Кімнің жүрегінде қорқыныш пен

ұят болмаса, жақсылықтан қол үзгені» деп жүректегі

бүкіл ізгілік, жақсылық атаулының ұяттан туатынын

ұғындырған. Б

ұрынғы ғұламалардан қалған қанатты

сөздердің бірінде: «Ұялу – адамның ұнамсыз істерден

қысылып, оларды жасаудан тыйылуы» делінсе,

енді бірінде: «Көңілге қонымсыз, жақсылыққа

жат әрекеттерге байланысты жүректе орнай-

тын қынжылыс, уайым» деп анықтама берілген.

Жүнәйд деген ғалым ұятты: «Алла тағаланың бізге бер-

ген материалдық және рухани нығметтерінің парқына

бару әрі кемшіліктеріміз бен нұқсандарымызды

ойлап қамығуымыз» деп бағалаған. Ұятты «орын-