173
Дін – насихат
сейіліп, көкірегінде үміт оты маздап, мұсылмандықты
қабылдады.
Иә, Алла тағаланың мейірімі шексіз, Құранда:
«Менің рақымым барлығын қамтитындай өте кең»
(«
Ағраф» сүресі, 156-аят
)
дейді.
Әбу Хұрайра пайғамбарымыздың:
«Мүміндер
Алланың жазасын білсе, ешбірі жаннатты үміт ете
алмас еді. Кәпірлер Алланың рақымын білсе, ешбірі
жұмақтан үміт үзбес еді»
дегенін жеткізген.
Ал тақырыпқа қоғамдық жағынан назар салғанда,
кейде адамдар қазақ жұртының келешегіне үмітсіздікпен
қарайды. Рас, бүгінде көп адам тіліне, дініне, діліне
тиісінше мән бермейтіндей көрінуі де мүмкін. Алайда
жұма күндері бүкіл еліміздегі мешіттерге көптеп ағылып
жатқан жастар, бүгінгі қазақ әдебиетінің барлық жан-
рында қалам тартып жүрген өрендер, университеттерде
көп ізденіп, көп оқып, руханиятын байытып жүрген
студенттер мұндай үмітсіздікке жол бермеуге тиіс.
Қазақтың Абайын, Ахметін, Махмұтын, Мұстафасын,
Мұхтарын, Шерханын тудырған алтын құрсақ аналар
бүгін де жоқ деп айтуға болмас. Елімізде діні мен діліне
берік, рухы өр талай мықтылар бар. Алла қаласа, келе-
шекте де елінің, жұртының, дінінің қамын ойлайтын
білімді, білікті, иманды жандар туыла бермек.