172
Даналық ойдан дән ізде
тағала:
«Раббыңның рақымынан адасушылардан
басқа кім үміт үзеді?»
дейді
.
Алайда үміт пен үрейдің
арасында да тепе-теңдік сақтау керек. Құранда бұл
жайлы арнайы бұйрық бар:
«Үрей мен үміт арасында
Аллаһқа жалбарыныңдар! Шын мәнінде, Аллаһтың
рақымы жақын»
(«Ағраф» сүресі, 56-аят). Олай бол-
са, үміт пен үрей құстың қос қанаты тәрізді. Екеуі тең
болса, онда құстай самғау да үйлесімді. Сондықтан бұл
дүниеде тепе-теңдік сақтауда адам баласына үміт пен
үрейдің екеуі де аса қажет. Үміт етем деп ақыреттен
қорықпай қоюға, үрейленем деп жақсылықтан күдер
үзуге жол жоқ.
Әнастан (р.а.) жеткен бір хадисте Аллаһтың елшісі
(с.а.с.) өлім аузында жатқан жас жігіттің қасына барып
одан: «Өзіңді қалай сезініп жатырсың?» деп сұрады.
Ол: «
Уа, Расулаллаһ! Алланың мейірімінен үмітім бар,
алайда күнәларымнан қорқамын
» деп жауап береді.
Пайғамбарымыз: «
Осындай жағдайда бір құлдың
жүрегінде үрей мен үміт бар болса, Алла үміт ет-
кен нәрсесін міндетті түрде беріп, қорыққанынан
сақтайды
» дейді.
«Алланың арыстаны» атанған хазірет Хамзаны
шейіт қылған Уахшидің өзін Алла елшісі (с.а.с.) бірнеше
рет Құраннан аяттар жолдап, Исламды қабылдауға
шақырды. Алайда, Уахшиға көңілін зіл батпан басқан
үмітсіздік пен күдіктен арыла қою қиынға соқты.
Ол пайғамбардың жақынын өлтіргені үшін бұдан
былайғы уақытта өзін «кешірімге лайық емеспін» де-
генге сендірген еді. Сол үшін де мұсылманшылықты
қабылдауға тәуекел ете алмады. Пайғамбарымыз үшінші
рет Алланың барлық күнәні кешіретіні жайлы аятты жа-
зып жолдағанда ғана Уахшидің бойындағы күдік-күмән