Previous Page  170 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 192 Next Page
Page Background

170

Үкілі үміт үзілмесін

Жан-жүрегімізбен қалаған істі келешекте болсын деп

күтуді және Алла тағаланың ұлы құдіретіне арқа сүйей

отырып, күткен жақсылығымыздың орындалатынына

барынша илануды бір сөзбен үміт дейміз. Жас өсемін

деп, жалғыз көбейем деп, жарлы байимын деп, ауру

жазылам деп үміттенеді. Аталарымыздың «Сағыныш –

сары ауру, үміт – талшық» деп мақалдайтыны бар.

Дініміз

тұрғысынан

алғанда,

жасаған

жақсылықтарымызды немесе біліп-білмей жасап қойған

күнәлі істеріміз үшін еткен тәубемізді Алла тағала қабыл

етсе деп тілеуді де үміт шеңберіне енгізе аламыз.

Бейнелеп айтқанда, үміт – адамның тас түнек

қараңғыда қалып, алған бағытынан ажырап, құрдымға

бататындай сезініп қайғыға батқанда, алыстан

жақсылықтың нышанындай көрінген жарық сәулеге

ұмтылуы. Мысалы, адам пенде болған соң қателеспей

тұрмайды. Сол қателіктері мен біліп-білмей жасап

қойған күнәлі істерін бағамдағанда, кейде «Болды,

бәрі бітті, мен құрыдым…енді маған жақсылық жоқ»

дегендей ойдың құрсауына түсуі мүмкін. Міне, сондай

кезде Ұлы Алла тағаланың мейірімі шексіз екенін, оның

барлық күнәні кешіретінін сезінуді үміт дейміз.

Дулат Бабатайұлы жүрек толғаныстарының бірінде

былай деп ішкі күйінің уайымын толғайды:

Күнәм-жойқын, тәубем аз,

Тіршіліктен не таптым?

Дүние – жемтік, мен – төбет,

Соны бақпай, не бақтым?