165
Дін – насихат
мен сумғадан да қатерлі нәрсе. Адам кейде игілікті ісін
ешкімге көрсету немесе естірту үшін жасамауы мүмкін,
бірақ мен осы істі сондай жақсы істедім, менен басқа
адам бұлай жасай алмас еді деп өзімізге өзіміз таң қалып,
ісініп-күпінуді ужуб дейміз. Сондықтан ықыластың ең
қатерлі жаулары: рия, сумға және ужуб. Олардан ба-
рынша сақтануға мәжбүрміз.
Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
саңлақ сахабалары да бұлардан арыстаннан қашқандай
сақтанған. Мәселен, түні бойы намаз оқып, құлшылық
жасаған сахабалар көздерінің ісіп тұрғанын көргендер
«мынау түнімен ұйықтамай, құлшылық жасапты ғой»
деп қалмауы үшін бар әрекетін жасап баққан.
Ал енді рияшылдықтың пайда болуына әсер ететін
тәкаппарлық, өзімшілдік, паңдық секілді мінездер
қурайға тиген оттай сауаптарымызды жалмайды десек
қателеспейміз.
Тағы бір көңіл аударуды қажет ететін мәселе,
өзгелердің ісін рияшылдыққа жатқызып, «Пәлен кісі
түген істі тек көзбояшылықпен жасап жатыр» деп
өзгелер жайлы жаман ойлаудан аулақ болған дұрыс.
Өйткені әркімнің ішкі жан дүниесі Аллаға ғана мәлім.
Біз өзгелердің жүрегін көре алмайтын болған соң, бұл
жағынан ешкімге баға бере алмаймыз.
Жинақтай келе айтарымыз, ықылас – адамның
кіршіксіз пәк ниетпен Алла разылығы үшін ғана іс істеп,
сауабын да тек Алладан күтуі. Дәретсіз намаздың дұрыс
еместігі секілді, ықылассыз құлшылық та жоқ.