162
Ықылас
Ықылас – адамның әрбір ісін ешқандай материалдық
немесе рухани пайда көздемей, тек Алла тағала разылығы
үшін жасауы. Ықыласты жан әрбір басқан қадамында,
сөйлеген әрбір сөзінде, ғибадат-құлшылығында, жал-
пы күнделікті өмірінде Алланың разылығынан қол
үздіретін бөтен ниеттерден бойын аулақ ұстайды.
Өмірлік тәжірибесі мол кісілердің «бұл іске ықылас
керек», «ықыласты болсаңшы» деп жастарды осы бір
ұлы құндылыққа шақыратыны тегін емес. Дегенмен
әлі де бір істі бастарда, сөз сөйлерде, біреуге жәрдем
берерде жүректеріндегі ниеттің тек Жаратушы иемізге
бағытталып жатқанын пысықтауға мән бермей, әйтеуір
құлшылығымды жасап жүрмін ғой деп, бұл мәселеге
немқұрайлы қарайтындар баршылық.
Ал негізінде, қасиетті Құранның көптеген аяттарын-
да ықыласты болудың мән-маңызына назар аударылған.
Өмір бойы еңбектеніп, қажыр-қайрат жұмсағанымен,
бүкіл істері зая кеткендер жайлы да аят бар. Ендеше, кез
келген адам ақыретте ісі бекерге кетіп, жігері желімге
айналмауы үшін ықыласқа мән беруі керек. Алла
елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде
«Амалдарыңда әрқашан
ықыластылық танытыңдар, өйткені Алла амалдардың
тек қана шынайы болғанын қабылдайды»
деп ықыласқа
ерекше мән берген.
Бұл тек дін саласының қызметкерлеріне емес, күллі
исі мұсылманға арналған пайғамбарлық үндеу. Өмірдің
кез келген саласында қызмет атқаратын жан ықылас
арқылы жұмысының өзін құлшылыққа айналдыра ала-