164
Даналық ойдан дән ізде
Ықыластың осы сырлы күшіне байланысты хазірет
Әли «
Амалдың аздығын емес, қабыл болуын ойла
»
деп ойы терең өсиет айтқан. Ал Муаз ибн Жәбәлға
пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Өміріңде аз амал етсең де,
ықыласты болсаң жеткілікті»
деген
1
.
Олай болса, жүрегі ықыласқа толы адам ешкімнен
мақтау, марапаттау күтпейді. Істеген ісі үшін атақ, абы-
рой, даңққа кенелуді ойламайды. Істі алғаш бастаған
кезде қандай шынайы болса, үлкен жетістікке жеткен
кезде де сол шынайылығынан танбайды. Ол үшін ең
бастысы – істеген амалдарын Алланың қабыл алуы
2
.
Ықылас мол сауапқа кенелтетін қазынаның
кілті болумен бірге, қылдай нәзік қасиет. Ықыласта
қадамды зәредей де бұра басуға рұқсат жоқ. Сондықтан
ықыласты болудың қиындығы да мол. Ықылас адамды
Алланың разылығына жетелейтін бірден бір құндылық
ретінде есептелгендіктен, лағынет атқыр шайтан оны
болдырмауға барын салады. Мысалы, жап-жақсы
атқарылған іске рияшылдық (Істі Алла разылығы үшін
емес, жұртқа көрсетіп мақтану үшін немесе атақ, абы-
рой, даңқ үшін атқару) араластырып, оны түп тамыры-
мен жоюға тырысады. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
сахабаларына үмбеті осы рияға салынып кетеді-ау деп
қауіптенетінін білдірген.
Сондай-ақ осы жақсылығымды жұрт естісін, сөйтіп
мен жайлы жақсы сөздер айтсын, атымды аңызға ай-
налдырсын деген секілді улы пиғылды ниетімізге
араластыруға барынша ат салысады. Бұл дертті
шариғатта «сумға» деп атайды. Ықыласты бұзатын
үшінші бір маңызды қауіп – ужуб деп аталады. Бұл рия
1
Қараңыз: Әділбаев А. Кемелдік кілті. Астана, 2011.- 70 б.
2
Бұл да сонда, 2011.- 74 б.