160
Даналық ойдан дән ізде
лысты аманат деп қабылдап, оларға қылдай да қиянат
жасаған жоқ. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
бүкіл араб дүниесіне ең сенімді адам деп танылуы
да сондықтан болар. Жұрттың бәрі, тіпті өзге діннің
өкілдерінің өзі қолындағы ең қымбат қазынасын өзгеге
емес, пайғамбарымызға аманаттауға тырысты. Өйткені
әркім пайғамбарымызға тапсырылған аманаттың
әрқашан аман тұратынына сенімді еді. Бір күні бүкіл
елін Сафа тауына жинап алып: «Айтарымды айтпай
тұрып сендердің мен жайлы пікірлеріңді білгім келеді»
дегенінде жұрттың бәрі де, тіпті мұсылман еместердің
өздері тұс-тұстан: «Сен шыншылсың, аманатқа қылдай
қиянат жасамайтын турашылсың» деп дауыстағаны
Алла елшісінің өмір дерегінде анық айтылған.
Сондай-ақ Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің пайғамбарлық
қызметіне ең ұлы аманат деп қарады. Қасиетті Құран
кәрімнің таулар, тастар көтере алмайтындай ауыр ру-
хани салмағын пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз иығында
сезініп өтті. Ол өтірікті тым жек көретін. Өтірік айту,
уәдені бұзу және аманатқа қиянат жасауды екі жүзді
мұнафықтардың белгісі ретінде атады. Бір әйелдің өз
баласын шақырып: «Келе ғой, бір нәрсе берем» дегені
сол екен, қасына барып: «Не бересіз?» деп сұрады.
«Бірнеше құрма берейін дегенмін» деді әлгі әйел. Сон-
да пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ештеңе бермесеңіз, өтірік
сөйлеген болар едіңіз» деді. Міне, қарап отырсақ, Алла
елшісі (с.ғ.с.) күнәлі істерге жол бермеуді де өзіндегі
аманатқа деген адалдық деп қабылдады.
Сахабалар дініміздің бүкіл құндылықтарын аманат
деп қабылдады. Үшінші халифа Осман өз әскерімен
бірге жорықтарға аттанып бара жатқанда, жүрген