155
Дін – насихат
жасауға тырысады. Қасиетті Құран кәрімде: «
Сені шай-
тан түртер болса, онда Аллаға сыйын. Расында, Алла
бәрін естіп, біліп тұрушы
» деген аят бар («Ағраф»
сүресі, 200-аят). Екі адамның достығын бұзуға, отба-
сын шайқалтуға, біреуге арақ ішкізуге, біреуге ұрлық
жасатуға, күпірлікке баруға бүкіл әскерлерімен бар
күшін жұмсайтын да осы шайтан. Сондықтан сәт сайын
шайтанның азғыруынан Алла тағалаға сыйынғанымыз
дұрыс.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:
«
Кімде-кім бір күнде он рет шайтанның азғыруынан
пана тілейтін болса, онда Алла тағала оған шайтанның
жамандықтарын бөтен түйелерді құдықтан қуғандай
етіп қуып тұратын бір періште жібереді. Періште
шайтанды Дін иесінің бұйрығымен қуып жатса, Алла-
дан пана сұраған адам қалайша шайтанның азғыруынан
аман қалмасын
» деген. Ендеше, «ағузу билләһи ми-
наш шайтанир ражиим» дегенді әр күнде ең кемі он рет
айтуға дағдыланғанымыз абзал.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шайтаннан басқа
да көптеген рухани қауіп-қатерлерден қауыптеніп
Аллаға сыйынғаны жайлы хадистер бар. Сараңдық
пен қорқақтықтан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қабір
азабынан, бүліктен Аллаға сыйынғанын көреміз. Де-
мек, адамның екі өміріне шайтан қалай зиян келтірсе,
сараңдық, қорқақтық, жалқаулық та соншалықты қауіп
төндіруі ықтимал. Пайғамбарымыз осы нәрселерден
Аллаға сыйынып, пана тілеп отырса, онда біз, қарапайым
мұсылмандар, бұл аталғандардан аман болуға әлдеқайда
көбірек мұқтажбыз.
Сондай-ақ күнәлардан, Аллаға қарсы келуден,
адасудан, көмексіз қалып қоюдан да Алла тағаланың