154
Алладан пана тілеу
Адам өміріне ақиқат көзімен қарасақ,
жаманшылықтың үнемі айтып келмейтінін аңғарамыз.
Күтпеген жерден неше түрлі келеңсіздіктер туындап
жатады. Байқасаңыз, кейде екі адам қас пен көздің
арасында бұлқан-талқан ашуланып, бір-бірімен сөзге
келіп қалады. Тату-тәтті отбасы ойламаған жерден
ойраны шығып жатады. Біреуге жақсылық жасағалы
тұрған адам табан астында жақсы ниетінен айнып шыға
келеді. Қысқасы, әрбір сәт сайын адамның еркіне әсер
етіп тұрған сыртқы күштің бар екені анық. Жер бетінде
жасалып жатқан үлкенді-кішілі күнәлар, бұзақылықтар,
бүлікшіл әрекеттер де өзінен-өзі кездейсоқ болып жатқан
жоқ. Міне, осындай келеңсіздіктерден құтылудың бір
жолы Жаппар иеміз Алла тағаладан пана тілеу.
Біз көбіне жаудан, дұшпаннан сақтанамыз. Ал адам
баласының ең бірінші әрі ең қатерлі жауы – лағынеті
шайтан. Ол адамдардың оңынан да, солынан да, ал-
дынан да, артынан да келіп азғырып, әбден аздырып
біткенше тынбайды. Осылайша бұзақылықтардың ба-
сым көпшілігіне Алланың рақымынан қуылған лағынеті
шайтан себеп болады. Асыл дінімізге тереңдеу бойлаған
адам шайтанның қаншалықты зиян тигізетінің байқай
алады. Басқасын айтпағанның өзінде, түп атамыз Адам
пайғамбардың мәңгілік жәннат мекенінен шығарылуына
да сол малғұн шайтан себеп. Жақсылық жасайын десең
де, жолыңа кесе көлденең тұра қалатын да сол. Әсіресе,
Алла тағалаға иман келтіріп, мұсылман болуға, намаз
оқуға, өзге құлшылықтарды жасауға барынша бөгет