156
Даналық ойдан дән ізде
сақтауын сұрап, пана тілеудің маңызы үлкен. Адам
кез келген уақытта күмәнмен бетпе-бет келіп қалуы
ықтимал. Сондай шақтарда: «Күнә жасап қоюдан Аллаға
сыйынамын» деп пана тілеудің пайдасы мол. Өйткені
Алланың өзі сақтамаса, адамның аяғын шалыс басып,
жаңылуы түк емес.
Алла тыйым салған тағамдар адамның асқазанына
түссе, сол арқылы бойына тараса, одан келетін зияндар
қыруар. Тіпті тек өзі ғана емес, келешек ұрпағына бір
түйір арам астың кері әсері болуы ғажап емес.
Әлсіздер мен жетімдерге қиянат жасаудан, ізгі істер
жасай алмай қалудан, пайғамбарлардың, сахабалардың,
өзге де ізгі ниетті адал тұлғалардың жүріп өткен тура
жолынан адасып қалмау үшін де Аллаға сыйынамыз.
Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келген ба-
баларымыз да адамдыққа жат қылықтардан барынша
сақтанып отырған. Мәселен, әйгілі Бөлтірік шешеннің
өз ұлына мынадай аталық кеңес бергені мәлім: «Балам,
тәні саудың бәрінің жаны сау бола бермейді. Тән мен
жанның саулығы бірдей болуы – кісі бойында сирек
кездесетін қасиет. Кісінің жанын аздыратын дерттің
түрі көп:
Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан,
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр,
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол.
Төрт мүшең түгел, жаның осы жеті жаманнан
аман болса, жаның мен тәніңнің бірдей саулығы деген
сол. Сондықтан Жаратушы иемізден біз де күншілдік,