179
Тәкаппарлық – екі дүние кесірі
Өзін жұртқа көрсету, үнемі басқалардымойындатуға
әрекет ету, өзін өзгеден артық санау сияқты сезімді Ис-
лам шариғатында тәкаппарлық деп атайды. Тәкәппарлық
– араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен
шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны
білдіреді. Қазақ тілінде «менмендік», «өркөкіректік»,
«кеудемсоқтық», «паңдық» деп те айтылады. Көкіректік
– адамды өзгелерден жоғары ұстауға итермелейтін
ішкі сезім, мінез. Бұл, әрине, Алла тағала сүймейтін,
адамдыққа жат сипат. Кез келген жүректе осындай
өзімшілдік мінез ұяласа, онда ол жүректі білдірмей келіп
шағатын улы жылан маңайлап жүр деген сөз. Жүректі
мұндай улы рухани жылан шақса, ол жүректің өлгені.
Кейбіреулердің атағы, беделі, бақ-дәулеті, киімі,
тіпті білімі өзгеден сәл артық болса, мұртын шүйіріп
шыға келетіні жасырын емес. Өзінен деңгейі төмен
деп санайтын адамдарға қомсына қарау, кекетіп, келе-
междеп сөйлеу, амандасса қолының ұшын ғана беру,
көңіліне ауыр тиетін сөз естіп қалса, ашулана кету
секілді менмендіктің сипаттары бүгінгі қоғамда жиі
кездесіп жатады.
Мектептің өзінде кейбір оқушылардың «ана киімді
кимеймін», «мына киімді киемін», «жұрттың бәрі
жаңа үлгідегі киімдерді киеді, мен ғана ескі киіммен
жүрмін» деп байбалам салатынын ата-аналардан көп
естиміз. Байқап қарасақ, мұнда да тәкаппарлықтың
нышаны сезіледі. Бесіктен белі шықпай жатып осылай
өзгелерден артық болуды көздесе, өсе келе, бұл мінез