Previous Page  185 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 185 / 192 Next Page
Page Background

185

Дін – насихат

сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «Жақсы адам бол»

дейді. «Жақсы адам екенімді қайдан білемін? дегенде: –

Көршілеріңнен сұра. Егер көршің сені жақсы адам десе,

шынында да жақсы болғаның. Көршің сені жаман адам

десе, онда сен Алланың қасында да жаман адам болып

саналғаның, – деп жауап қайырды.

Өмірден озған адамға үш кісі жақсы куәлікте болса,

марқұмның жақсылар қатарында қабылданатыны жайлы

хадис те осы мазмұнды толықтыра түсетіні даусыз.

Иә, «адамның күні адаммен» демекші, біздің дана

халқымыз да көршінің қадірін біліп келген. Екі көрші

қатар тұрып, бірі ауырып қалса, оның көңілін бәрінен

бұрын көршісі сұрап барған. Бірнеше күнге алыс жаққа

жолаушылап шығып кетсе, оның бүкіл мал-жан, бала-

шағасына қарайласқан. Тіліміздегі «Жақсы көрші

тапқаның – көп олжаға батқаның», «Үй сатып алма,

көрші сатып ал», «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың

тайы озсын» деген сияқты мақалдарда көп мән жатыр.

Ал бүгін осының бәрін өкінішке қарай өткен шақтың

естеліктері ретінде айтып отырмыз. Себебі бүгінде

қырық үйлік көршілер былай тұрсын, есіктес отырған

көршіні танымайтын жағдайға жеттік. Қалалық жер-

лерде тіпті қиын. Сондықтан бүгінгі таңда жоғалуға

айналған осы бір құндылығымызды қайта жаңғыртуға

бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай ат са-

лысуымыз керек. Алла баршамызға көршілеріміздің игі

куәлігін жазсын.