Previous Page  187 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 192 Next Page
Page Background

187

Дін – насихат

Аллаға мың шүкір, осынау дархандық, кең пейіл

жарқын мінезді ата-бабамыз ұлттық құндылығымызға

айналдырып кеткен.

ХІХ ғасырда өмір сүрген поляк саяхатшысы әрі

ғалымы Адольф Янушкевич жазбаларының бірінде:

«Шіркін-ай, егер де бүкіл әлемді қазақтар жайлағанда,

онда мен дүние жүзін теп-тегін аралап шығар едім»

деп естелік қалдырған. Мұндай жүрекжарды тілектің

астарында, әрине, қазақ елінің әлемді таң қалдырған

дархандығы жатқаны анық. Шетелдік ғалымға сондай

ой қалыптастырған жаны жайсаң бабаларымыз-ай!

Күні бүгінге дейін қазақтың кең даласына түрлі

мақсатпен келіп кеткендердің арасында бұл елдің

жомарттығын аузының суы құрып отырып әңгімелеп

бермегендері некен-саяқ болса керек. Бұл біздің ата

дініміздің талаптарына қаншалықты терең мән бер-

ген халық екенімізді көрсетеді. Келген қонаққа мініп

жүрген жалғыз атын сойып беріп, ертесіне бос жүгенін

ұстап қалатын жағдайлар халқымыздың тұрмыс салты-

на сіңісті. Мұны тек дін талабынан туған кеңдік мінез

деп қана түсідіре аламыз.

Жомарттық – рухтың байлығы. Сондықтан дініміз

мұсылмандарды жомарттыққа шақырады. «Мұхаммед»

сүресінің 38-аятында Алла тағала:

«Негізі, сендер Алла

жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда,

араларыңда сараңдар бар. Кімде-кім сараңдық жаса-

са, өзіне сараңдық жасағаны»

дейді.

Негізінен, байлық пен дүние – адам үшін сынақ.

Осы сынақтан сүрінбей аман-есен өтудің бірден-бір

жолы – кеңпейілді, жомарт болу.

Ислам ғұламалары жомарттықты бірнеше сатыларға

бөледі. Қасиетті Құранда:

«Олардың көңілдерінде