191
Дін – насихат
сында ең жаман үй, тәрбиесінде жетімі болып оған
жамандық жасалатын үй
» деп үмбетіне ескертеді
.
Бірде пайғамбарымызға бір кісі келіп, өз жүрегінің
қаттылығын білдірді. Алла елшісі (с.ғ.с) оған:
«
Жүрегіңнің жұмсаруын қалаймысың? Онда жетімге
мейірімділік көрсет, басынан сипа және тамағыңнан
бөліп бер»
деді. Сондай-ақ хадистердің білдіруінше
«
Тұл мен жетімдерге көмек еткен кісі – Алла жо-
лында соғысқан немесе күндіз ораза ұстап, түнде
ғибадат еткен кісімен тең болады» деп маңыздылығын
байқатқан
.
Алла елшісі (с.ғ.с.) тағы бір хадис шәріпінде былай
деп айтқан: «
Кім Алла разылығы үшін бір жетімнің
басынан сипаса, қолы тиген әр шашына жақсылық жа-
зылады».
Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
сахабаларынан әр күн сайын қанша жетімнің басынан
сипағанын ұдайы сұрап отыратын. «
Егер кімде-кім
жетім ұл немесе жетім қызға жаны ашып, қамқорлық
жасаса, онымен жаннатта осылай қатар боламыз»
деп сұқ саусағы мен ортан саусағын бірге көрсеткені
де бар.
Жетімді жылатудың күнәсі тіптен ауыр.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Жетімді жылатудан қатты
сақтаныңдар, өйткені түнде адамдар ұйықтап
жатқанда, олардың зары жүреді, ал таң сәріде Раб-
бысына көтеріледі де, жылатушы үстінен шағым
жасайды. Сонда Алла тағала жылатушының тиісті
жазасын береді. Сондықтан жетімнің жылауынан
мейлінше сақтаныңдар
» деп жетімге мейірімнен артық
ізгіліктің жоқтығын айтқан.
Жетімдер үйлеріне қайыр-көмек берген дұрыс іс
десек те, бәрінен дұрысы – жетімдіктің алдын алатын
шараларға мән беру.