Previous Page  181 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 192 Next Page
Page Background

181

Дін – насихат

жерді тесіп кете алмайсың және таулардан да биік

бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның

құзырында жек көрінішті қылықтардан санала-

ды

» («Исра» сүресі. 37,38-аяттар) деген аят айқындай

түседі.

Асылында, тәкаппарлық тек Аллаға ғана жарасады.

Ал ешбір жаратылысқа өзін өзгеден биік санауға рұқсат

жоқ. Тәкаппарлықты адам мен жәннат арасындағы

перде десек қателеспейміз. Өйткені, көркем мінез-

құлықтар – жәннаттың есіктері. Ал тәкаппарлық сол

есіктердің барлығын жауып тастайды. Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) хадисінде былай деген: «

Жүрегінде тозаңның

түйіршігіндей тәкаппарлық бар кісі жәннатқа

кірмейді

» (Муслим).

Өмір бойы құлшылық еткен адам болмашы ғана

менмендігі үшін сағынышты жәннатына кіре алма-

са, одан асқан бақытсыздық бар ма? Бұл жасалған

құлшылықтың, оқылған намаздың, тұтылған оразаның

құмға сіңген судай жоқ болуы емес пе?! Алла тағала

барлығымызды ондайдан сақтасын!

Біз көбінесе бір істі жасай салып шүкір етудің, сол

арқылы тірліктің берекесіне қауышудың орнына «Мен

олай еттім, мен бұлай еттім. Мен, мен...» деп білместікпен

астамшылыққа барып жатамыз. Ал негізінде әрбір адам

«өзімді де, амал-әрекеттерімді де жаратушы Алла» де-

ген түсініктің аясынан шықпауы тиіс. Алла тағаланың

мейірімділігімен жасауға мүмкіндік берген істерді

өзіне таңып, нәпсісін еркінсітуден аулақ болуы керек.

Өйткені адам Алланың қалауынсыз ешбір әрекеттің

мыңнан бірін де өзі жасай алмайды. «Алла қалады»,

«Алланың көмегімен», «Аллаға шүкір» деген сынды

сөздерді жиі айтып, үнемі шүкіршілікті ұмытпауымыз