Previous Page  182 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 192 Next Page
Page Background

182

Даналық ойдан дән ізде

қажет. Бұл біріншіден, Алланың нығметінің еселеп мо-

лаюына себеп болса, екіншіден, тәкаппарлық сияқты

үлкен күнәға жол бермейді.

Жаратылыс негізіміз болып саналатын топыраққа

бір көз салып көрейікші. Біз бүкіл тіршілік көздерін

сол топырақтан аламыз. Ішіп-жеміміздің бәрі де со-

дан шығады. Бірақ ол үнемі аяқ астында жатады. Алла

тағаланың құдіреті сол – біздің күнімізді сол топыраққа

қаратып қойған. Басымызды орынсыз көтеріп кердеңдей

бермей жерге қарап жүруіміз үшін шығар, бәлкім.