183
Көрші ақысы
Ислам – көршілермен дұрыс қарым-қатынас жасауға
үндейтін дін. Өйткені көрші ақысы туысқандық
міндеттен кейінгі орында тұрады. Қасиетті Құран кәрімде
жақын және алыс көршілерге жақсылық жасау жайын-
да айтылады: «
Аллаға құлшылық жасаңдар, оған
еш нәрсені ортақ етпеңдер. Ата-аналарыңа, жақын
туыстарыңа, жетімдерге, жарлыларға, туыстығы
жақын көршілеріңе, жамағайын көршілеріңе, жан
жолдастарыңа, жолаушыларға, қолдарыңдағы құл
мен күңдерге жақсылық істеңдер
» («Ниса» сүресі, 36-
аят). Байқап отырсақ, мұнда көршілерге жақсылық жасау
бұйрық ретінде келтірілген. Аллаға құлшылық жасау,
ата-анаға қызмет ету қандай бұйрық болса, көршілерге
жақсылық жасау да дәл сондай сипатта бұйырылған.
Демек, көршілермен қарым-қатынас жеңіл қарайтын
мәселе емес. Асыл дінімізде бүкіл қоғам мүшелерінің
бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруіне қаншалықты мән
берілгенін осы аят анық көрсетуде. Аят мазмұнына
сай өмір сүргіміз келсе,
туыстығы болсын, болмасын
онымен дұрыс мәміле жасасып, сыйласуға міндеттіміз.
Аятта жақын көрші, жамағайын көрші деп жеке-жеке
айтылуының бір мәні осы. Айша анамыз (р.а.) төңіректегі
қырық үйлік арақашықтық көршілікке жататынын
айтқан. Әйгілі ғалым Хасан Басри көршілік жайлы
сұралғанда:
«
Қырық үй – ауламыздың алдынан, қырық
үй – ауламыздың артқы жағынан, қырық үй – оң жақтан,
қырық үй – сол жақтан
»
деген. Ендеше айналамыздағы
қырық үйлік қашықтықта тұратын отбасылар – біздің