Previous Page  186 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 192 Next Page
Page Background

186

Жомарттық

Жомарттық – қиямет күнінде адамды түрлі

қиындық, азап пен өкінуден құтқаратын адамдықтың

ең биік шыңына шығаратын бірден-бір асыл қасиет.

Жомарттық деп адамның тек қана Алла разылығы

үшін қолынан келгенінше жұртқа көмек қолын созу,

өз иелігіндегі мал-мүлкінен мұқтаж жандарға бөліп

беру әдетін айтамыз. Бұл имандылықтың ең жоғарғы

сатысында тұратын адамның рухына, жанына бітетін

мінез. Мұндай кеңпейілді кісілер жекелеген жандарға

да, толықтай бір қоғамға да жәрдем береді. Олар,

әрине, бұл ісін біреудің қинап-мәжбүрлеумен емес,

жан қалауымен, шын жүректен, таза ниетпен жасайды.

Жомарттықты адамдар Жаратушы иемізден үйренеді.

Алла тағаланың көркем есімдерінің бірі «Жәууад», яғни

жомарт екендігі мәлім.

Алла тағала барша ғаламдардағы тіршілік иелеріне

қажетті бүкіл рызық-несібелерді су тегін және бір сәт

те кешіктірмей өз уақытында беруде. Азық-түлік,

киім-кешек, бала-шаға, білім, денсаулық – бәрі де

Оның теңдессіз жомарттығы мен шексіз мейірімінен

бастау алады. Алла тағаланың жомарттығы сол – бүкіл

нығметтерін Өзіне иман келтірген діндарларға да,

дінсіздерге да бөле-жарып алаламай нәсіп етуде.

Міне, осындай ұлы мінездің бір ұшқыны

мұсылмандардың бойынан көрінуі тиіс. Себебі дінімізде

Алланың мінезінен үлгі алу деген ұғым бар.