Previous Page  188 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 192 Next Page
Page Background

188

Даналық ойдан дән ізде

мүміндерге бергендерінде кірбің ұяламайды. Сондай-

ақ, өздері таршылық пен мұқтаждықта бола тұра,

оларды өздерінен артық көреді»

делінеді («Хашр»

сүресі, 9-аят). Міне, жомарттықтың ең биік шыңы –

осы.

Ал қолының ашықтығы жағынан баршадан оқ юойы

озық тұрған жан ол сөзсіз Мұхаммед пайғамбарымыз

(с.ғ.с.). Әйгілі сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Аббас

бұл жайлы: «Алланың елшісі адамдардың ішіндегі ең

жомарт кісі» деп естелік қалдырса, ұлы төрт періштенің

бірі Жәбірейіл: «Алланың елшісі берекет әкелуші жел-

ден де жомарт» деген. Алла елшісі (с.ғ.с.) өзі жомарт

болып қана қоймай, бүкіл мұсылман үмбетін де осы

мінезге шақырған. Сондықтан бір хадисінде былай

дейді:

«Жомарт – Аллаға, жаннатқа және халыққа

жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жаннат-

тан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын».

Жомарттық байлықтан гөрі, кең пейілді болуға

көбірек қатысты. Өйткені пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

«Садақаның қайсысы жақсы?» – деп сұрағанға:

«

Пақырдың жомарттығы»,

– деп жауап берген.

Сондықтан садақа беру, жақсылық жасау қандай да бір

мөлшерге емес, көңілге байланысты.

Пайғамбарымыз адамның қол-аяғы бүтін, дін аман,

сау-саламат кезінде жомарт болуға шақырып, бұл істі

кейінге қалдырмауға кеңес береді:

«Садақаның абза-

лы – өзің берген садақа. Садақа

тірі, қолыңда бар

кезде қалаған адамыңа қалауыңша бергенің. Әйтпесе,

жан алқымға тірелген кезде кеш қаласың. Сендерден

кейінгілер өз қалауынша жасайды»

. Сондықтан да адам

баласы өкінбеу үшін, Алла айтқандай:

«Сендерден

біреулеріңе өлім таяп: – Уа, Раббым, ажалымды сәл