Previous Page  189 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 192 Next Page
Page Background

189

Дін – насихат

кешіктірсең, садақа беріп ізгілерден болсам» демей

тұрып, өздеріңе берген несібемізден

(Алла жолында)

жұмсаңдар»

деу арқылы Алланың берген несібесін тірі

кезінде Оның разылығы үшін жұмсауға нұсқайды. Алла

елшісінің: «

Сатуда, алуда, қарыз төлеуде жомартық

танытқан әрі жеңілдікті қалаған адамға Алла рақымын

кең қылсын

» деп дұға да жасағаны мәлім.

Тағы бір мәселе, бүгінгі таңда жастардың

тәрбиесіне де жомарт азаматтардың септігі аз тимейді.

Оқушылардың, студенттердің жақсы білім, терең тәрбие

алып өсуі үшін оларға кейде кеңпейіл азаматтардың қол

ұшы қажет. Әркім өз ауылы немесе өз қаласындағы

жастардың жағдайынан хабар алып, жетпегенін жеткізіп,

үзілгенін жалғап жіберсе, бұл да үлкен сауаптың көзі

екендігі даусыз.