Previous Page  184 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 192 Next Page
Page Background

184

Даналық ойдан дән ізде

көршілеріміз. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде

өзіне жақын сахабасына: «

Әй, Әбу Зәр, сорпа қайнатсаң

суын көбірек қос, сөйтіп одан көршілеріңе де беріп,

жақсылық жаса

» деген. Сондай-ақ «

Көршісі аш бо-

лып, өзі тоқ жатқандар бізден емес

(яғни мұсылмандар

санатынан емес)» деген хадис те бар.

Көршілік қарым-қатынас көп жағдайда әйелдерге

қатысты туындайтындықтан, бірде Алланың елшісі

(с.ғ.с.): «

Ей, мүмін әйелдер! Көрші әйелге жақсылық

етуге, тіпті қойдың бақайын берсеңдер де немқұрайлы

қарамаңдар

» деген еді. Бұл үйімізде көршілерімізге

беретін ештеңе жоқ деп қарап отырмай, барымен

бөлісетін жомарттық танытуға шақырып тұрған

мұсылмандық ереже. Барымызбен көршімізге жақсылық

жасау, тым болмаса жақсылық жасау ниетінде болудың

қаншалықты маңызды екендігін білдіреді. Бірде

пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Алла атымен ант етемін, ол

иман келтірген болмайды, иман келтірген болмайды,

иман келтірген болмайды»

дейді. Сонда қасындағылар:

«

Уа, Алланың елшісі, кімді айттыңыз?»

деп сұрағанда:

– Жамандығымен көршісіне зиян тигізген адам»

деп

жауап берді.

Демек көршісіне зияндығы, кесірі мен кесапаты

тиіп отырған адам еш уақытта кәміл мұсылман емес.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде былай

дейді: «

Жәбірейіл періште маған көршіге жақсылық

жасау туралы өсиетті үйіп-төккені сонша – мен тіпті

көрші көршіге мирасқор болмас па екен деген ойға

қалдым

». Ендеше, қолымыздан келгенше көршімізге

ізет көрсетуге ұмтылғанымыз жөн.

ӘбуХұрайра (р.а.) пайғамбарымыздан: «Уа, Алланың

елшісі, маған бір жақсы іс жасауды бұйырыңызшы» деп