Previous Page  190 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 192 Next Page
Page Background

190

Жетімдерге қамқорлық

Ислам жетім балаларға қамқорлық жасауға, ақысын

жемеуге, бастарынан сипап мейірімділік танытуға

бұйырады. Сонау он екі ғасырдан бері Ислам дінін

ұстанып келе жатқан ата-бабамыз да «Жетім көрсең,

жебей жүр» деп осы тәрбиені ұрпақтан ұрпаққа

жалғастырып келеді. Құран кәрімнің көптеген аяттары

мен пайғамбарымыздың хадистерінде жетіммен қарым-

қатынас жайы сөз етіледі. «Ниса» сүресінің 36-аятында

Алла тағала жетімдерге қамқор болуды, Аллаға серік

қоспай құлшылық ету, ата-анаға жақсылық жасаумен

бір қатарда келтірген. Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«

Жаннаттың есігін алғаш мен ашамын. Сонда ме-

нен озуға тырысып жүрген бір әйелді көремін, оған:

«Саған не болды, сен кімсің?» – деймін. Сонда ол: «Мен

жетімдерге күтім жасаған әйелмін» – дейді

» деген.

Демек жетімді күтушілер жұмаққа алғаш кірушілер.

Сонымен бірге

«

Бір жетім дастарханда елмен бірге

отырса, олардың дастарханына шайтан жоламайды

»

деген хадис те осыны айғақтай түседі.

Өмірде адамдардың тағдыры алуан түрлі. Кей-

де балалар ата-анасы өмірден ерте озып жетімдік

көреді, кейде өз баласынан өзі жеріген безбүйрек әке-

шешесінің тасжүректігінен осы күйге ұшырап жата-

ды. Сондай түрлі жағдайлармен панасынан айырылған

жетімдерге пана болу сауабы мол қайырлы іс екендігі

даусыз. Ардақты пайғамбарымыз: «

Мұсылмандардың

арасында ең қайырлы үй, тәрбиесінде жетімі болып,

оған жақсылық жасалатын үй, ал мұсылмандар ара-