Previous Page  180 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 192 Next Page
Page Background

180

Даналық ойдан дән ізде

тіпті ұлғайып кетеді. Ертеңіміздің үміті, көзіміздің

нұры деп жүрген ұл-қыздарымыз менмендіктің шыр-

мауынан шыға алмай жүрсе, болашаққа қалай үмітпен

қарамақпыз? Сондықтан ұл-қыздарымыздың ойынан

өркөкіректіктің нышандарын байқасақ, кешіктірмей

емдеуге тырысуымыз керек.

Бір кездері періштелердің арасында жүрген Ібіліс

тәкаппарлықтың салдарынан Алланың рақымынан

қуылып, қаһарына ұшырады. «Мен одан артықпын»

деген сөз шайтанның шайтан болуына себеп болған. Бір

қарағанда, бір-ақ ауыз сөз сияқты болып көрінгенмен,

бұл бар бәленің бастауында тұратын кесірлі ой. Мұндай

кесірлі мінезді халқымыз «құдайын ұмытқандық» деп

те атаған. Негізінде адамдар бір-бірінен тек иманының

күшімен, тақуалық мінезінің қуатымен ғана артық.

Еш уақытта да Жаратушы иемізді естен шығармауға

тырысуымыз ләзім. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Алла

тағалаға: «Мені нәпсіммен қас-қағым сәтке де жеке

қалдырма» деп дұға етуінің астарында да осы мән жа-

тыр. Өйткені Алланы ұмытып, бір сәт нәпсінің жетегіне

ерген адам бірден өзін бәрінен жоғары сезіне бастайды.

Дүниеде уақытша ғана тұрақтап, көп кешікпей Алланың

алдына барып бүкіл өмірі жайлы есеп беретінін ұмытып,

қалай тәкаппарланғанын байқамай да қалады.

Құранның көптеген аяттарында паңдық пен

өркөкіректік мінезді Алла тағаланың сүймейтіні

айтылған. Мысалы, «Лұқман» сүресінде: «

Адамдарға

паңданып қырын қарама және жерде тәкаппарланып

жүрме. Шынында, Алла тағала дандайсыған

мақтаншақтарды сүймейді

» делінген («Лұқман»

сүресі, 18-аят). Сондай-ақ «Исра» сүресінде: «

Жер

бетінде тәкаппарланыпжүрме! Өйткені, сен ешқашан