Previous Page  147 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 192 Next Page
Page Background

147

Отбасын сақтап қалудың тетіктері

Кез келген адам отбасын құрарда бақыт пен

шаттыққа толы өмір сүрсек екен деп армандайды.

Алайда уақыт өте келе ыдыс-аяқтың сылдырлауы, ауыр

сөздердің айтылуы, ұрыс-керіс, жанжалдың көбеюі

байқала бастайды. Сөйтіп бұрынғы бақыт жайлы ар-

мандар бірте-бірте көмескіленіп, сөніп, орнын ашу,

ыза, салқындық, күмән басады. Ақыр соңында олардың

арасында жылылық, сүйіспеншілік, ниеттестіктің ізі

де қалмайтын жағдайлар аз ұшыраспайды. Адал неке

арқылы ер мен әйелдің арасын жалғайтын нәзік жіпті

үзбей ұстаудың жолдары қандай?

Адам кейде нәпсі мен шайтанның азғыруына еріп,

түймедей түсінбеушіліктен түйедей мәселені тудырып

алғанын байқамай қалады. Айталық, жаңадан тұрмыс

құрған келіншек: «Күйеуім бүгін маған ұрысты. Демек,

мінезі өте сабырсыз болғаны. Ал сабырсыз адаммен

мен қалай өмір сүрем. Бүгінше үндемей қоя салдым.

Егер ертең де оның ұрысқанына шыдай берсем, ол

бірте-бірте менің мойныма мініп алады» деген секілді

ешбір қисынға немесе сау ақылға сыймайтын болжам-

дарды ойлап-ойлап, өзімен-өзі күйіп піседі. Осылайша,

болмашы ғана себепті өмірінің ең үлкен мәселесіндей

көреді. Өмір өткелінде серігінің әйеліне бір ескерту

жасағанында тұрған дәнеңе де жоқ. Мұндайда Алла

тағалаға сиынудың маңызы зор. Біреуге арақ ішкізіп,

өтірік-өсек айтқызғанынан гөрі ақ некелі отбасын ажы-

ратуды зор іс көретін Ібілістің азғыруынан сақтанған