Previous Page  146 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 146 / 192 Next Page
Page Background

146

Даналық ойдан дән ізде

секілді. Барынша сәнденіп, үлде мен бүлдеге оранып, иіс

сулардың небір түрін себініп сыртқа шыққан нәзік жан-

дылар Алланың қарғысына қалып, ешбір құлшылығы

қабыл болмағанымен қоса, оның менмұндалаған ашық

сұлулығын көрген көптеген ер кісілердің ойларына

шайтан араласатыны сөзсіз.

Тағы бір ескерілер нәрсе, әйелдер сәнденіп алған соң

өз сұлулықтарын күйеулеріне міндет етпегені дұрыс.

Осы тұста Ыбырай Алтынсарин атамыздың мына бір

шумағы ойымызды айқындай түседі:

Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,

Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.

Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,

Тұрмаған ажар ара ажалына.

Негізінде, нағыз сұлулық адамның ынталы

жүрегінде, жұмсақ жанында, көркем мінезінде, қылықты

әдебі мен жүзінен төгілген ибасында. Ішкі сұлулық пен

сыртқы ажардың тепе-теңдігін сақтай білген мүмин ер

мен мүмин әйел қос дүниедегі бақыттың құшағында

дер едік.