141
Отбасы шаттығы
Шынында, мен артымда қалатын жақындарымнан
(мұрагер қалмады-ау деп) қауіптенем. Ал әйелім
бала көтеруден қалды. Сонда да, өз құзырыңнан
бір перзент нәсіп ете гөр!
» деп дұға етті. Сонда Алла
тағала сондай қаусаған кәріліктеріне қарамай келешекте
пайғамбар болатын Йахья атты ұл нәсіп етті.
Кейде ер мен әйелдің бойдақ кездеріндегі арман-
қиялдары отбасы құрған кездерінде жүзеге аспай қалса,
соған бола ажырасып кететіндері де бар. Тұрмыс құрған
соң, күйеуімен жеке өмір сүруді, тапқан табыстарын
өздеріне ғана жұмсауды армандаған қыз баланың ал-
дынан ата-ене, қайын жұрт деген мәселелер шығады.
Күйеуі туған ата-анасына қарап, олардың қас-қабағын
бағуға бейім екенін білісімен ұрыс-керістер туындай
бастайды. Шындығына қарасақ, отбасындағы берекенің
қайнар көзі – қария кісілер. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Кішілерімізге мейірім көрсетіп, үлкендерімізді
құрметтемеген адам бізден емес» деп ескерткен. Ата-
енені сыйламау аяқ киімнің бауындай жақын тозаққа
өзіңе отын дайындағаныңмен бірдей. Әйел кісі күйеуін
қалай сыйласа, оның ата-анасы мен туыстарын солай
құрметтеуі тиіс. Ер адам да әйелінің туыстарына ізгі
құрметпен қарауы керек.
Күйеуінің өз әйелін жөн-жосықсыз ұрып-соғып,
орынсыз тоқпақтай беруі де бір күні әйелдің ажырасуға
тілек білдіруіне алғышарт. Негізінде, әйел ұрып-соғумен
тәрбиеленбейді. Оны Алланың дінін, иман негіздерін,
шариғат қағидаларын үйрету арқылы тәрбиелеу ке-
рек. Күйеуін дұрыстап сыйламаса, ақыретте не күтіп
тұрғанын түсіндірген дұрыс. Алладан, ақыреттен