Previous Page  144 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 192 Next Page
Page Background

144

Исламда сәндену

Ислам діні адамның тек ішкі мінез-құлқының ғана

емес, сыртқы түр-тұлғасының да әдемі, тартымды бо-

луына көңіл бөледі. Адам табиғатының өзі әсемдікті,

сұлулықты ұнататыны анық. Айналамыздағы әдемі

көріністерді, табиғат көркін, жақсы айтылған сөзді,

жарасымды киімді көргенде ішіміз жылып, елең ете

қалуымыз сондықтан. Әсіресе, жастық шақтарда

адамның бұл табиғаты көбірек байқалады. Адамзаттың

әу бастағы жаратылысында бар осындай табиғи сезімге

Ислам діні еш уақытта тыйым салмаған. Керісінше,

бұған қызықтырғаны, үндегені шүбәсіз. Алайда бұл

қажеттілікті өтеуге қатысты дініміздің өлшемдері

мен заңдарын естен шығармау керек. Қасиетті Құран

кәрімде: «

Әй, адам баласы! Сендер әр намазға

шыққанда таза әрі сәнді киімдеріңді киіңдер.

Сондай-ақ жеп-ішіңдер, тек ысырап жасамаңдар

»

делінген аят бар. Бұл аятта мұсылмандар қашан да

өзге қауымдарға үлгі болататыны секілді киім киюде

де басқаларға өнеге көрсету қажеттігі баяндалған. Оны

көрген жұрт Исламға кіруге асығатындай болуы керек.

Сондай-ақ келесі аятта: «

Уа, Мұхаммед! Сен оларға

айт: «Алланың пенделері үшін жаратқан киімдерін,

таза ризықтарын кім арам ете алады?

» («Ағраф»

сүресі, 32-аят) делінген.

Алла елшісі (с.ғ.с.):

«Алла өзі әдемі, әдемілікті

жақсы көреді. Алла берген нығметін құлының үстінен

көргенді жақсы көреді, ластық пен жамандықты

жақсы көрмейді»

деген.