Previous Page  142 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 192 Next Page
Page Background

142

Даналық ойдан дән ізде

қорықпайтын адамды ұрып-соғып тәрбиелеймін деу

бекершілік.

Үй иесінің маскүнемдікке немесе нашақорлыққа

салынуы, құмар ойындарына беріліп, ұрлық жасауға

әдеттеніп, бала-шағаның қажеттіліктерін мүлде ұмытуы

көп жағдайда отбасының ажырасуымен аяқталады.

Бұл аталған әдеттердің бәрі дінімізде қатаң тыйым

салынған күнәлі істер. Ислам діні ажырасу секілді

сүйкімсіз істердің орын алмай, қоғамның тыныш әрі

салауатты болуы үшін бұл күнәларға тыйым салған.

Бұрын бұзақылықтың түр-түрін әдет еткен адамдардың

мұсылмандыққа берілу арқылы қатты өзгеріп, мінезін

түзеткені жайлы қуанышты жайттарды көп естиміз.

Бұл да асыл дініміздің кәмілдігі мен адам тәрбиелеу

қуатының жарқын белгісі.

Сондай-ақ кейде жаңа құрылған отбасының

бұзылуына екі жастың туыстарының арасындағы

түсініспеушілік те себеп болатыны өкінішті. Дұрыс

той жасамады, жақсы киіт кигізбеді, құдалықты

жақсы күтпеді деген секілді болмашы сөздер ерлі-

зайыптылардың бүкіл өмірін қор етеді. Отбасылық

тату-тәтті өмірмен салыстырғанда бұл кәделердің түкке

алғысыз екендігін құдалы-құдандалы ата-аналар естен

шығармаса екен.

Отбасын құрған ер мен әйелдің бірі өз бақытын

өзге адамнан іздейтін жағдайлар да бүгінгі қоғамда

жоқ емес. Өз отбасын тастап, өзге жанмен қол ұстасып

кетуі, бала-шағасын қараусыз қалдырып кетуі ата-ана

деген асыл есімге лайық емес хайуандардың әрекеті.

Алла тағала ақыретте бұл істің есебін міндетті түрде

әрі қатал сұрайды. Перзенттердің өзі де Алланың ал-