Previous Page  139 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 192 Next Page
Page Background

139

Ажырасу себептері

Бүгінгі таңда көтерілген көп шаңырақтың шайқалып,

талай отбасының бұзылып жатқаны ақиқат. Тіпті жаңа

құрылған отбасылардың үштен бірі бір жыл өтпей жа-

тып ажырасуда деген де дерек бар. Ислам негіздеріне,

ұлттық құндылықтарға мән бермеу, батыстық

мәдениетке еліктеудің соңы осындай күйреуге жиі алып

келуде. Отбасын ойрандап, ерлі-зайыптылардың ажыра-

суына себеп болып жатқан жағдайлардың бірқатарына

тоқталайық.

Ажырасуға соқтыратын басты себептердің бірі

– материалдық жағдайдың жұтаңдығы. Ер адамның

отбасын дұрыстап асырамауы, олардың күнделікті

қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмауы

шаңырақтың беріктігіне сызат түсіре бастайды. Ислам

діні ер адамға бір құшақ отын жинап әкеліп сату арқылы

болса да отбасын асырауға бұйырады. Майлықожа ақын

«Болымы жоқ бозбала, Бейнеттен қашар бұлтаңдап» деп

жалқаулықты сын тезіне алған.

Отағасы үйін шамасы келгенше бағып отырса да,

кейде әйел кісінің оған қанағат етпеуі, атап айтқанда,

«көршілеріміз үлкен үй соғыпты», «жаңа көлік алып-

ты», «жыл сайын шипажайда тынығады екен» деген

секілді сөздері отбасы кикілжіңіне апарып жатады.

«Қылымсыған қатын қызыл көйлек киедінің» керімен

күйеуінің зығырын қайнататын, құлақ етін жейтін ын-

сапсыздары да жоқ емес. Алла мұндай қанағатсыздықты

әсте ұнатпайды. Ақын бабаларымыздың: