138
Даналық ойдан дән ізде
басына қызмет ету үлкен күнәлардың кешіріміне себеп
болады және Алланың ашуын қайтарады
» деген хадис
те ойымызды қуаттайды.
Ер адам:
Әйел адамның нағыз бақытқа кенелуінің
тағы бір жолы мына бір хадисте көрініс тауыпты. Бір
күні Үммү Сәләма анамыз әйел адамның өз күйеуіне
қызмет еткені үшін алар сауабы жайлы сұрағанда,
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: «
Бір әйел күйеуінің
үйінде тек қана дұрыстау ниетімен бір затты бір
жерден алып, екінші бір жерге көтеріп қойса, Алла
оған (мейірім назарымен) қарайды, ал Алла (мейірім
назарымен) қараған жан азапқа ұшырамайды
». Бұл
тұста әйелдің тек қана Алланың разылығын қалауы
маңызды. Ендеше, Аллаға иман келтірген әйел кісілер
осыған қарай әрекет етіп, қамдарын жасағаны дұрыс.
Әйел кісі:
Аллаға мың шүкір. Дініміз әділетті
жақтайды. Сондықтан пайғамбарымыздың мына
бір хадисін айтпай өтуге болмас: «
Қайсыбір әйел өз
күйеуінің жаман мінезіне сабыр етсе, (Перғауынның
жамандығына сабыр еткен) хазірет Әсияның сауабын
алады
» дейді.
Ер адам:
Сондай-ақ «
Кім әйелінің жаман мінезіне
сабыр етсе және ол ісін Алла разылығы үшін жасаса,
Алла ол адамның төзіммен өткізген әрбір күндізі мен
түніне хазірет Әйюб пайғамбардың (сабырына орай
берілген) сауабын жазады. Ал жаман мінезді әйелге
әрбір күн, әр түніне құм түйіршіктерінің санындай
күнә жазылады
» деген хадисті әйел де, еркек те бірдей
ескергені дұрыс.
Ер адам:
Ендеше, Алладан сұрарымыз, бізді осы
өміршең қағидаларды орындауға жазып, ақырымызды
қайырлы етсін!