Previous Page  133 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 192 Next Page
Page Background

133

Отбасы шаттығы

өмір сүретіндігінде, әу баста Жаратушы Хақтың әрбір

өзекті жанның көкейіне салып қойған табиғи болмы-

сымен үйлесім тапқандығында. Егер де мұсылман

жүрегі өзінің түпкі жаратылыс мақсатымен үндеспесе,

онда ол бақытты бола алмас еді. Бұл тұрғыдан алғанда

ерлі-зайыптылардың өзара міндеттерін дұрыс атқаруы

өмірдің қиюын тапқан нәзік байланыстарымен сыйыса-

ды. Ер адам өзінің күштілігі мен жауаптылығын сезінсе,

әйел кісі өзінің нәзіктігі мен ептілігін дұрыс бағамдаса,

отбасына бақыт құсы өзі келіп қонары анық. Демек,

жүрек байлығының қасында әлемнің бар

байлығы

түкке де тұрмайды. Сондықтан пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«

Дүниенің көптігі байлық емес, нағыз байлық

рухани

байлық

» деген. Ал рухани байлық сан алуан рухани

құндылықтардың жиынтығынан тұрады.

Адам жүрегі әр нәрсеге бір елтиді. Оны Аллаға

бетбұрудан басқа ештеңе жинақтап, тәртіпке келтіре

алмайды.

Жүректе үрей болады. Оны Аллаға беріліп, тәуекел

етуден өзге ештеңе қайтара алмайды.

Жүректе уайым да жоқ емес. Ол уайымды Алла-

ны танып, Алламен терең қарым-қатынаста болу ғана

сейілте алады.

Жүректе күйзеліс пен күйініш те бар. Оны Аллаға

тапсырып, Одан пана тілемеген жан жеңе алмайды.

Жүректе зарығу, аңсау мен сағыныш та мол. Оны

Алланың тағдырына разылық танытып, сабыр еткен құл

ғана қайтара алады.

Алла тағала жүректе ұялатқан осы секілді мың

құбылған сан түрлі сезім бар. Барша адам аңсайтын

бақыт та осы құндылықтардың әрқайсысымен іштей