Previous Page  130 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 192 Next Page
Page Background

130

Даналық ойдан дән ізде

«

(Кеңескеннен кейін) бір іске бел байласаң, Аллаға

тәуекел ет

» деген айқындаушы аят бар («Әли Имран»

сүресі, 159-аят).

Сондай-ақ ақылдасу кезінде қабылданған шешімнің

Ислам дінінің талаптарына қайшы келмеуін қадағалаған

дұрыс. Мысалы, той жасаудың қамына кіріскенде, кел-

ген қонаққа қанша арақ қою керек, кімге шараптың

қай түрін қою керек дегеннің орнына екі жастың

өміріне арсыз арақты мүлдем араластырмаудың жай-

ын қарастырғанымыз нұр үстіне нұр. Өйткені Исламда

сауапты іске де, күнәлі іске де себепкер адам сол істі

жасаушымен тең саналады. Тойда біреу ішімдік ішіп,

бұзақылық жасап жатса, сол бұзақылықтың күнәсі тойға

арақтың қойылуына себеп болған адамға да жазылаты-

нын естен шығармағанымыз жөн.

Осылайша ақылдасудың арқасында қаншама бәленің

беті қайтарылып, алды алынады. Үйге қаншама ырыс

кіреді. Ақылдасуға қатысқан адамдар өз мойнындағы

жауапкершілігін сезінеді. Бұлардың барлығын

ақылдасудың берекесі деп түсінген жөн.